Сенім телефоны өмірлік қиын жағдайларға тап болған, мазасыздықты, жалғыздықты сезінетін немесе жанжалды қарым-қатынасты бастан кешіретін балалар мен жасөспірімдер үшін ең қолжетімді құралдардың бірі болып қала береді.
Балаларды қолдау орталығында "Сенім телефоны қолдау ресурсы ретінде" тақырыбында психологиялық сенім сағаты өтті. Сабақ барысында Психолог А. Р. Кудушева балаларға көмек сұрау әлсіздік емес, күш пен өзіне қамқорлық көрсету екенін түсіндірді.
Балалар диалогқа қатысып, жасөспірімдердің сенім телефондарына жүгінуіне не кедергі болатыны туралы пікірлерімен бөлісті және психологпен бірлесіп осы кедергілерді еңсерудің жолдарын іздеді. "111 AMANAT" бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығының жұмысына, сондай-ақ өңірлік сенім телефондарына ерекше назар аударылды.
Психолог қоңырауларға кім жауап беретінін, кеңес беру процесі қалай құрылғанын, қандай сұрақтар қоюға болатынын айтып, өтініштердің мүлдем құпия және тегін екенін атап өтті. Өткізілген сабақ оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық, эмоционалды сауаттылық дағдыларын дамытуға және көмек әрқашан жақын екенін түсінуге маңызды қадам болды.