Орталықтағы әлеуметтік педагог жұмысының ерекшеліктері

Жетімдік мәселесі әрқашан өзекті және шешуді қажет ететін мәселе. Соңғы кезде  ата –аналары тірі және еңбекке қабілетті жағдайда бола тұра тірі жетім аталып жатқан балалар көбеюде. Бұл көбінесе ата – анасы немесе қамқоршысы  ішімдікке  немесе есірткіге тәуелді, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ  ата-анасы асырауға шамасы жетпейтіндіктен  туылғаннан кейін  бірден  бас тартқан балалар.  Бұл құбылыс "әлеуметтік жетімдік" деп аталады,  балалар  ата-аналық құқығынан айырылуына немесе баласын тәрбиелеуге құлықсыздығына байланысты ата-анасының қамқорлығынсыз қалады.

Екібастұз қаласының "Үміт "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы" КММ әлеуметтік педагог жұмысының ерекшеліктері туралы айтатын болсақ, Орталық –ата –анасы  қайтыс болған ,ата-аналық  құқықтарынан айырылған, ауру  және басқа да себептер салдарынан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекеме . Орталық балаларға білім беру, тәрбиелеу және қоғамда  өз бетінше өмір сүру  мен әлеуметтенуге дайындық жағдайларын қамтамасыз етеді. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету  "Екібастұз қаласының "Үміт "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы " КММ  қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Әлеуметтік педагог өз жұмысын бала орталықтың табалдырығынан өткен сәттен бастайды. Баланың жеке ісімен таныса отырып, әлеуметтік тәрбиеші шешімді және жеке көзқарасты қажет ететін мәселелерді анықтайды. Ол баланың физикалық және психикалық денсаулығының жай-күйі, отбасындағы, ата-анасымен  өмір сүрген кездегі  жағдайлары туралы мәліметтерді жинайды және талдайды, тәрбиеленушінің  оқуын  және оның үлгерімін бақылайды. Орталықта баланы тәрбиелеу ұжымда жүргізіледі , сондықтан әр баланы зерттеумен қатар әлеуметтік педагог жалпы балалар ұжымын да зерттейді.

Айта кету керек, әлеуметтік педагогтың  қызметі тек тәрбиеленушілермен  жұмыс жасаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар көптеген міндеттерді қамтиды. Бұл қызмет сондай-ақ балалардың материалдық, тұрғын үй және өзге де әлеуметтік құқықтарын қорғауды, тәрбиеленушінің әлеуметтік мәртебесін айқындауды, құжаттамамен жұмысты, балаларды оқыту кезеңінде, оларды бітірген және оқуға немесе жұмысқа түскен кезде Заңда көзделген жеңілдіктерді қамтамасыз етуді, сотпен, АХАЖ-мен, әлеуметтік Комитетпен өзара іс-қимылды қамтиды. Әлеуметтік педагог психологтармен бірге балаларға кәсіби бағдар беруге, түлекке болашақта қажетті және қызықты мамандықты таңдауға көмектеседі, ол үшін кәсіпорындарға экскурсиялар, ашық сабақтар өткізеді.

Әлеуметтік педагогтың жұмысы маңызды және жауапты, балалардың өміріне араласа отыра , олардың болашағын қалыптастыруға шешім қабылдайды. Сондықтан әлеуметтік педагог   оған қойылатын арнайы  талаптар  мен дағдыларға сай болуы керек. Балалармен қарым-қатынас жасай білу, оларды тыңдай білу, әр тәрбиеленушіге деген  жеке көзқараста болу секілді қасиеттерге ие болуы шарт. Орталықтың балаларымен жұмыс істеу әлеуметтік педагогтан көрегендікті, педагогикалық әдептілікті, жауаптылықты және көмек сұрағандардың барлығына көмектесуге деген ұмтылысты талап етеді.