2019ж.30.05. күні «Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ –де педагогикалық кеңес семинар түрінде «Кәсіптік бағдар беру жұмысы - тәрбиеленушілердің өз бағытын анықтап әлеуметтенуінің бір факторы» тақырыбында болып өтті. Педагогикалық кеңестің мақсаты тәрбиешілер мен мамандардың, тәрбиеленушілерге кәсіптік бағдар беруге жауапты мамандардың педагогикалық құзыреттілігін жетілдіру.
Педагогикалық кеңестің алға қойған мақсаттары:
1. Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүйелеу – заманға сай тәрбиеленушілердің әлеуметтенуі мен бейімделу құралы.
2. Ересек тәрбиеленушілермен кәсіби бағдар беру жұмыс түрін жетілдіру, және тәжірибемен бөлісу.
3. Балаларды қолдау орталығында кәсіби бағдар беру жұмысының негізгі түрлерін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін анықтау.
«Кәсіби бағдар беру – жарқын болашаққа апаратын басты қадам. С докладом «Профориентация – главный шаг к успешному будущему. Еңбек нарығының қазіргі жағдайы және оны тәрбиеленушілерге кәсіптік бағдар беру жұмысында есепке алу» тақырыбында әлеуметтік педагог А.А. Родионова баяндама жасады. Екінші сұрақ бойынша «Өз кәсібін анықтау қазіргі заманға сай тәрбиеленушілердің әлеуметтенуі мен бейімделуінің құралы» / жұмыс тәжірибесінен/ тақырыбында тәрбиеші Н.Т.Сагындыкованың баяндамасы тыңдалынды. «Тәрбие беру жүйесі арқылы мамандық таңдау» тақырыбында өз жұмыс тәжірибесімен тәрбиеші Е.Н. Колосницина бөлісті.
Топта құжаттаманы зерделеу, тәрбие жоспарына кәсіптік бағдар бойынша іс-шараларды енгізу негізінде ерте кәсіптік бағдар беру туралы жас педагог В.В.Дворак баяндады. Педагог – психолог А.Р. Кудушева тәрбиешілерге ұсыныстар беріп, «Мамандық таңдаудағы қиыншылықтар. Кәсіби бағдар беру бойынша тәрбиешілерге ұсыныс» тақырыбындағы брошюралар үлестірді.Педагогикалық кеңестің соңында 2019-2020 оқу жылында жоғары біліктілік санатын растайтын педагогтар Н.Т. Сагындыкова, Г.К. Абдулина, бірінші біліктілік санатын алуға өтініш берген К.Б.Рамазанованың аттестациядан өтуі туралы өтініштерін талқылады.
Педагогикалық кеңеске қатысқан барлық педагогтар белсенді түрде шешім қабылдауға ат салысты. Балаларды қолдау орталығының кәсіби бағдар беру бойынша жұмысы қанағатты деп есептелді. Педагогикалық кеңес шешімі: Кәсіптік бағдарлау және мамандықтар әлемі туралы ақпарат ұйымдастыру әдістемелік іс-шаралар жүйесін қамтитын бағдарламалар әзірлесін. Тәрбиешілер мен психолог «Тәрбиеленушілердің өмірі мен мансабын жоспарлау» жобасын және мамандық таңдау бойынша жекелеген жұмыс жүргізуді жалғастырсын.Педагогтар мен мамандар еңбек дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектеп, колледждердің ұсталық цехтарында бірлесіп жұмыс істеуді ұйымдастырсын. Жаз мезгілінде жоғары сынып оқушыларын жұмысқа орналастырсын.