2019 ж. 15.11. күні Балаларды қолдау орталығында «Педагогикалық мозаика» форматында «Орталық жағдайында тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру барысында қолданатын заманауи жұмыс формасы» тақырыбында педагогикалық кеңес болып өтті. Басшының тәрбие ісі бойынша орынбасары Г.К.Абдулина Орталықта жұмыс істейтін педагог, тәрбиешілердің атқаратын қызметі,топта өткізетін тәрбие жұмысының түрі балалардың мерекесі мен күнделікті өмірін ұйымдастыру ғана емес олардың болашақ өмірініе де әсері тиетіні сөзсіз екендігін атап өтті.
Тәрбие туралы Тұжырымдамада тәрбие беру баланың өз –өзін дамытуына көрсетілетін көмек делінген. «Тәрбие жұмысының заманауи формаларын қолданудың топтағы тәрбие үрдісінің тиімділігіне әсері» тақырыбында тәрбиеші К.Б.Рамазанова баяндама жасады. Ол өз қызметінде бір күнгі жұмысты талдау кезінде қолданатын «Бес саусақ» әдісі туралы айтты. Оқу кеңесінің үйлестірушісі Н.Т.Сагындыкова « Жаңа жұмыс формаларын пайдалана отыра балалардың өзін –өзі басқару жұмысын қалай түрлендіруге болады» тақырыбында сөз алып, кеңестерді шаңырақ деп атауға ұсыныс жасады. Шаңырақ – мемлекетіміздің негізі,бұл отбасылық бейне.Орталықта осы оқу жылының басынан бастап іске қосылып, оң нәтиже көрсете бастаған «Эрудиттер» дің ережесімен таныстырды. Медбике Закалкина В.С. «Заманауи талаптарға сәйкес Салауатты өмір салтын насихаттау, санитарлық – ағарту жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы баяндамасында балаларды гигиеналық мәдениеттілік дағдыларына үйрету, салауатты өмір салтын қалыптастыруына баса назар аудару керек екендігін атап өтті.
Педагогикалық кеңестің қорытындысы бойынша әр баяндамаға сәйкес шешім қабылданды:
- Қазақстан Республикасының тәрбие Тұжырымдамасына сәйкес Орталықтың тәрбие жұмысы жүргізу.
- Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды тәрбиелеу жұмысына қоғамдық ұйымдарды, әлеуметтік серіктестерді, еріктілерді кеңінен тарту, мастер, куратор, сынып жетекшілерінің жұмысын жандандыру.
- педагогтардың тәрбие беру саласында кәсіби біліктілігін жетілдіруді қамтамасыз ету, өмірлік қиын жағдайдағы балалардың тәрбиесі мәселесі бойынша жүйелі түрде нұсқаулық –әдістемелік отырыстар өткізу.
- Тәрбиеленушілермен жұмыс барысында әр түрлі жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану (ойын,әлеуметтік жобалау технологиясы, тұлғалық бағдар беру, педагогикалық қолдау көрсету технологиясы).
- Мекеменің тәрбие жұмысының нәтижесі туралы Орталықтың сайты арқылы ашық ақпарат беру және бөлісіп отыруды қамтамасыз ету.
- Тәрбиеленушілердің жетістіктерін портфолио арқылы насихаттау және тарату.
- Балалардың өзін –өзі басқару жүйесін дамыту, «Көшбасшылар мектебі» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша белсенділерді оқыту жұмысын тұрақты жүргізу.
- Гигиеналық мәдениеттілік әдеттерін, Салауатты өмір салтын қалыптастыру және санитарлық – ағарту жұмысынтарында жаңа , заманауи жұмыс түрлерін қолдану.