2018-2019 оқу жылы аяқталуына байланысты өз қызметіңе талдау жасау, перспективтік жоспар құру, жаңа бағдарламалар мен жобалар жасайтын кез келді. Ұсынылып отырған материал балалар ұжымының даму динамикасын нақтылы көрсететін, сіздің тәрбиеленушілеріңіздің шығармашылық мүмкіндігін дамыту және олардың белсенді түрде әлеуметтенуіне көмегін тигізетін жақсы әдістемелік қолдау болады.
Тәрбие жұмысының талдауы келесі бөлімдерден құралады:
1. топтың сапалық және сандық мінездемесі (жыл басында,жыл соңындағы бала саны; жасына қарай, ұлттық құрамы, әлеуметтік статус, тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайы; денсаулығы мәне тәртібі бойынша есепке тұруы; балалардың үйірмеге қатысуы; тәрбиеленушілердің конкурс және сайыстарға қатысу рейтингісі
2. Ағымдағы жылға тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері, қызметтің нәтижесі (перспективтік жоспардың бөлімдеріне сәйкес жұмыс нәтижесін көрсету);
3. балалар ұжымының деңгейі мен даму ерекешеліктері, қамқоршылармен жұмыс (топтағы өзін -өзі басқару жұмысы туралы; балалардың белсенділігі туралы, қамқоршылар, социуммен қарым -қатынаста тәрбие берудің мүмкіндіктер туралы және т.б.);
4. Топтың Орталықтың өмір -тіршілігіне араласуы (балалардың өзін -өзі басқаруға , мәдени - бос уақыт және спорттық шараларға қатысу белсенділігі);
5. топтың тәрбиелік деңгейі (жасалған жоспарға сәйкес жекелеген тәрбиеленушілермен жүргізген түзету жұмыстарының нәтижесі және 3 реткі кескіннің динамикасын салыстыру);
6. колледж және мектеппен ара байланыс (сынып жетекшісі, мастерлер, пән мұғалімдерімен жүргізген жұмыс түрі және олардың нәтижесі);
7. «Тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс (қиын балалармен жүргізетін түзету жұмыстарының жоспары, позитивтік өзгерістерді көрсету);
8. Психолог - әкімшілік корпус, тәрбиешілердің көмекшілерімен жүргізілген жұмыстың түрін және тиімділігін көрсету);
9. Қорытынды және ұсыныстар
10. 2019-2020 оқу жылының мақсат міндеттері
Талдау кезінде талдаудың әр бөлімі бойынша қорытындылар және жұмыс барысында анықталған проблемаларды қөрсету керек.
Бағдарлама жазу бойынша әдістемелік нұсқаулық
Жаңа оқу жылында білім және тәрбие беру бағдарламаларын жазу кезінде қойылатын нақтылы талаптар бойынша жаңаша жазуды талап етеді.
Бағдарлама білім беру үрдісіне қатысушылардың барлығына әр бір уақыт кесіндісінде бірлесіп жасайтын жұмыстардың мақсаты мен міндеттерін ұсыну мүмкіндігін береді. Педагогикалық қызметі бойынша бағдарлама жасау педагогтың өздік дайындығын да күшейтеді.
Өз қызметінде педагог әр түрлі варианттарды қарастыра алады:жарық көрген кез –келген бағдарламаны өз жағдайына сәйкестіріп, бейімдеп пайдалан алады; бірнеше тақырып бойынша түрлендіріп өзінің авторлық бағдарламасын жасауға болады. Бір жағынан осы бағдарламаны басқа педагогтар да пайдалануға болады. Екі жағдайда да педагогикалық қызметтің бағдарламасы ойластырылған, көлемді, логикалық және мазмұнды, нені қалай және қандай ретпен істелінетіндігі анық болуы керек.
Бағдарламаның атауы – оның визит карточкасы, сондықтан ол қысқа да нұсқа тартымды, ең бастысы бағдарламаның мазмұнын ашатын болуы шарт, мысалы: «Радуга ремёсел», «Музыкалық калейдоскоп», «Жібек бояулар», «Кітап жазу шеберханасы» және т.б.
Балаларға қосымша білім беру бағдарламасының құрылымы
Балаларға қосымша білім беру бағдарламалары ереже бойынша келесі құрылымдық элементтерді қамтиды:
1. Мұқабасы.
2. Түсінік хат.
3. Оқу –тақырыптық жоспар.
4. Оқытылатын қурстың мазмұны.
5. Қосымша білім беретін бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз етілуі 6. Қолданылған әдебиет тізімі.
Балаларға қосымша білім беретін бағдарламаның құрылымдық элементтерінің мазмұны және ресімделуі.
1. Мұқабасында көрсетілетіндер:
мекеменің атауы;
бағдарлама қашан, қайда , кіммен бекітілген;
бағдарламаның атауы;
автордың аты –жөні, лауазымы;
бағдарлама жүзеге асырылып жатқан елді мекен , қаланың атауы ;
бағдарламаны жасаған жыл.
2. Бағдарламаның түсінік хатында:
бағдарламаның бағыты;
жаңалығы, өзектілігі, педагогикалық орыны;
бағдарламаның мақсаты және міндеті;
бағдарламаның басқа білім беру бағдарламаларынан айырмашылығы;
бағдарламаны жүзеге асыруға қатысатын балалардың жасы;
бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі (продолжительность білім беру процессінің ұзақтығы, кезеңдері );
сабақ түрі және тәртібі
күтілетін нәтиже және оның нәтижесін анықтау тәсілі ;
бағдарламаны жүзеге асыру қорытындысын жасау түрі (көрмелер, фестивалдер, сайыстар, оқу –зерттеу конференциясы және т.б.)
3. Бағдарламаның оқыту –тақырыптық жоспары:
бөлімдер мен тақырыптар тізімі ;
әр бір тақырып бойынша теориялық , практикалық сабақ түріне бөлінген сағат саны.
4. Бағдарламаның мазмұнын тақырыптардың қысқаша сипаттамасы арқылы көрсетуге болады. (сабақтың теориялық және практикалық түрі).
5. Бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету:
бағдарламаны өнімнің әдістемелік түрде қамтамасыз ету (ойындарды, әңгімелесулерді, жорықтарды, экскурсияларды, конкурстарды, конференцияларды және т. б. әзірлеу);
ертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізу бойынша, эксперименттерді немесе тәжірибелерді және т. б. қою бойынша ұсыныстар.
дидактикалық және дәрістік материал, зерттеу жұмысы бойынша әдістемелер, тәжірибе немесе зерттеу жұмысының тақырыптары және т. б.
6. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.