23 қазанда балаларды қолдау орталығына Үндістандағы Кайвальядхама йога университетінің йога мұғалімі Снехаль Кале келді. Ол Қазақстанға Үндістанның Қазақстандағы елшілігі жанындағы Свами Вивекананда атындағы мәдени орталықтың шақыруымен келген екен.
Снехаль Кале балалар йогасы бойынша қызықты шеберлік сабағын өткізді.
Йога сіздің денеңізді және ақыл-ойыңызды жоғары мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.Йога арқаның бұлшық еттерін шынықтырып, ішкі органдар жақсы жұмыс істеуіне, тірек-қимыл аппаратының жүктемесін азайтады. Йога сабақтары оқу үлгерімі мен ақпаратты игеруге оң әсер етеді. Мастер-класс кең көлемді және есте қаларлық болды.
Жаттықтырушы балаларды оң энергиясымен қуаттандырды. Кездесу соңында орталық тәрбиеленушілері өз эмоцияларымен бөлісіп, Снехаль Канаға алғыстарын білдірді.