Біздің қамқоршыларымыз – керемет!

Көптеген жылдар бойы балаларды қолдау орталығының негізгі қамқоршылары  "Восточный"разрез ЕЭК АҚ болып табылады. Қамқоршылармен  бірлесіп  жұмыс істеудің  басты мақсаты- әр тәрбиеленушінің  әлеуметтік кеңістігін кеңейту және олардың сәтті бейімделуіне жағдай жасау. Қамқоршылармен  бірлесіп қызмет жасау  бірнеше бағыт бойынша  жұргізіледі -мәдени-бұқаралық жұмыс, кәсіптік бағыт –бағдар беру  және спорттық сауықтыру бағыты.

Қамқоршылармен  бірлескен қызметті  ұйымдастыру ЕЭК АҚ-ның "Восточный"разрезінің   бекітілген учаскелері  арқылы тұрақты негізде жүзеге асырылады. Әр отбасы - топқа белгілі бір учаске бекітілген , олармен тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер жүйелі  түрде қарым-қатынаста  болады.

1-топ: ТП АБЖ учаскесі бекітілді . Учаскесінің бастығы Қыдырбеков Ерболат Миирханұлы және УНОПСА учаскесі-бастығы Тумабаев Ринат Анатольевич.

2-топ: UDR -2 учаскесі . Учаскенің бастығы Айтпақаев Данияр Тілеубекұлы 3-топ: жылу желілерінің учаскесі . Учаске бастығы Баженков Александр Арсентьевич

5-топ: "Фестивальная" станциясының жылжымалы құрам депосы. Бастығы Мұқаев Болат Жұмкенұлы.

 6-топ: КТТ учаскесі-бастығы  Русаков Дмитрий Александрович. Жаңадан келген қыздардың  тобына  әзірше  бекітілген учаске жоқ. Орталықтағы жаңа оқу жылы позитивті, қызықты  түрде басталды.

2023 ж. 16.09. Отбасы күні аясында орталықта  ЕЭК АҚ "Восточный" разрезі қамқошыларымен, тәлімгерлерімен отбасылық кездесу өтті . Балалар бір жылдағы жұмыс нәтижелерімен бөлісті, "Орман ертегісі"лагеріндегі демалыстары туралы айтты. Әр топ өздерінің жетістіктері туралы есеп берді, қамқоршылар  жаңадан келген балалармен таныстырды. 25.09.2023 ж. Отбасы күні аясында Шідерті  кентіне экскурсия  ұйымдастырылды, онда көңілді старттар мен "Планетамызды  таза ұстайық" экологиялық акциясы өтті. Сапар денсаулық күніне орайластырылып, жастар кеңесі кәсіподақ комитетінің төрағасы Василий Петрович Дэвиденконың басшылығымен "Восточный" разрезінің кәсіподақ комитетінің қолдауымен ұйымдастырылды. Балаларды қолдау орталығының 35 тәрбиеленушісі педагогтармен және қамқоршылармен бірге жаңа оқу аптасы алдында достық қарым-қатынасты нығайтуға және жағымды көңіл-күй қалыптастыруға бағытталған жарқын позитивті күн өткізді .

Әр топтың бірлескен жұмысы барысында әр бағыт бойынша белгілі бір дәстүрлер қалыптасты, олар оқу процесінің тиімділігін арттыруға пайдалы әсер етеді.

Мысалы, "Мурагер" тобының қамқоршылары -жылу желілерінің учаскесі ай сайын туған күн иелеріне келіп және балалармен бірге ыстық тағамдар - палау, манты , пицца , пирогтар және т .б. дайындап  мерекелік шай кешін өткізеді. Сондай-ақ, осы топ қамқоршылары  рейтингі бойынша ерекшеленген балаларды ақшалай сыйлықпен марапаттайды . Рейтинг тоқсан сайын беріледі . Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша қамқоршылар  топ командирі Мединов Русланға және екі белсендіге - Юсупов Эльдар мен Гуркин Ильяға сыйлық табыс етті.

Барлық топтардың  қамқоршылары әрдайым  тәрбиеленушілердің    сабақ үлгеріміне, мінез-құлқына, оқу  процесінде туындайтын қиындықтарға қызығушылық танытып отырады.

Қысқы каникул кезінде барлық  қамқоршылар  өздерінің тәрбиеленушілерін жаңа жылмен құттықтау үшін келді.

№ 1 топ қамқоршылары  әр тәрбиеленушіге 10.000 т. сомасына сыйлық жиынтықтарын өз қалауы бойынша сатып алу үшін сертификат және "Саламат"дүкенінен кеңсе тауарларын сатып алу үшін 5000 т. сомасына қосымша сертификат табыс етті

№ 5 топтың қамқоршылары  да 8.000 т. сомасында  сыйлық сертификаттарын табыс етті .Әр тәрбиеленушіге  жекекелей  және 14.700 сомасына топ үшін жаңа жылдық әшекейлер сатып алынды.

2023 ж. 28.12. топта бірлескен шай кеші ұйымдастырылды.

№ 6 топтың  қамқоршылары  -КТТ учаскесі-2024 ж. 06.01. туған күн иелері Амангелді Расул мен Әмір үшін тәтті үстел ұйымдастырды .

2024 ж.  07.01. - "Максикинема"кинотеатрына қамқоршылармен  бірге кино тамашалады.

№ 2- тобының УДР -2 учаскесі қамқоршылары  балаларды "Люмьер" кинотеатрына  баруды ұйымдастырды. 13.000т. сомасына. жаңа жылдық шляпалар сатып алынды .

Шығыстықтар каникул уақытында пайдалы бос уақытты, шай ішуді , дөңгелек үстелде әңгімелесуді ұйымдастыру бойынша үнемі жұмыс жүргізеді. Алда мұз айдынына шығу  жоспарланып отыр.