Наурыз мейрамы баршамыз асыға күтетін мереке. Бұл мереке барлық қазақстандықтардың жүрегіне жол тапқан тамаша рухани дәстүр, көктем мен еңбек, бейбітшілік пен келісім мерекесі. Ата-бабаларымыздан қалған "Бірлік бар жерде тірлік бар" деген даналық сөзі бар. Екібастұз қаласының "Үміт" арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар тәрбиеленушілер орталығы "КММ – де өткізілген мерекелік іс-шара тәрбиеленушілері мен шақырылған қонақтарға достарына есігін айқара ашты.
Наурызнамға арналған мерекелік іс - шараға қатысу үшін балаларға құрметті қонақтар - Екібастұз қаласы Аналар кеңесінің төрағасы, қоғамдық бірлестіктің басшысы М.Ж. Сағындықова бастаған "Ана ұлағаты" ҚБ өкілдері, "Восточный" разрезінің қамқоршылары келді. Орталықта дастархан жайылған нағыз мерекелік ауыл ашылды, балалар мен педагогтар түрлі-түсті ұлттық костюмдер киді. Іс-шара Павлодар облысынан шыққан құрметті мерейтой иелерін, жерлестерді ұлықтауға арналды.
"Ана ұлағаты" әжелері бастаған үш ауыл, ғалымдар ауылы, ақындар ауылы және мәдениет және өнер ауылы өз білімдері мен шығармашылықтарын көрсетті. Әжелердің орындауындағы әнге барлығы ортаға шығып биледі. Оқуда және қоғамдық өмірде белсенділік көрсеткен орталық тәрбиеленушілерін дәстүрлі марапаттау жағымды тосын сый болды. "Восточный" разрез кәсіподақ комитетінің төрағасы В.П.Дэвиденко жастар кеңесімен бірлесіп салтанатты марапаттау рәсімін өткізіп, баршамызға бейбітшілік, бақыт тіледі.
Қазақ халқының дәстүрлеріне сай, ұмыт бола бастаған дәстүр "Ұйқыашар", "Селтеткізер", рәсімдері көрсетілді.Балалар ұлттық ойындарды қызығушылықпен ойнады. Іс-шарада тәрбиеленушілер домбырада күй тартып, әуезді әндер шырқады, ұлттық стильдегі хореографиялық композициялар көрсетті. Ересектер мен балалар бір-біріне жақсы тілектерін айтты. Мереке нағыз мерекелік көңіл – күй сыйлады. бөленді. Әр адам ұлттық тағамдардан дәм татып, ойын-сауық бағдарламасына және жарыстарға белсенділікпен қатысты.